Телеарна мен радиоға сапалы контент жаса, заманауи хабар тарату технологияларымен жұмыс істе.
Толығырақ
6B03202 — Цифрлық журналистика
ҰБТ бойынша бейіндік пәндер: Шығармашылық емтихандар
Берілетін дәреже: Журналистика бакалавры
Оқу ұзақтығы: 3 жыл (күндізгі бөлім)
Оқыту тілі: Орыс, ағылшын тілдері
Бағдарлама сипаттамасы: «Цифрлық журналистика» бағдарламасы заманауи цифрлық медиа саласына мамандар даярлауға бағытталған. Студенттер мобильді цифрлық технологиялармен, мультимедиялық контентпен және инновациялық журналистика тәжірибелерімен жұмыс істеу дағдыларын меңгереді. Бағдарламада деректерді жинау, өңдеу және визуализациялауға арналған IT-құралдарды оқыту қарастырылған. Бұл түлектерге интернет-басылымдар, блогтар, теледидар арналары және әлеуметтік желілер үшін сапалы контент жасауға мүмкіндік береді.
Бағдарламаның мақсаты: Ақпаратты жинау, өңдеу және тарату үшін мобильді цифрлық технологияларды меңгерген, мультимедиялық контент жасап, заманауи еңбек нарығында сұранысқа ие инновациялық журналистік тәсілдерді игерген цифрлық медиа саласының мамандарын даярлау.
Мамандардың жұмыс бағыттары:
Корреспондент, арнайы тілші
Редакция бөлімінің редакторы, жаңалықтар редакторы
Веб-сайт редакторы / SMM-менеджер
Контент-продюсер / Копирайтер
Ақпараттық-талдамалық журналист
Электрондық және цифрлық медиа редакторы, бас редакторы
Электрондық медианың жетекші журналисі
Консультация алу
6B03201 — Бизнес-журналистика, SMM & PR
ҰБТ бойынша бейіндік пәндер: Шығармашылық емтихандар
Берілетін дәреже: Журналистика бакалавры
Оқу ұзақтығы: 3 жыл (күндізгі бөлім)
Оқыту тілі: Орыс, ағылшын тілдері
Бағдарлама сипаттамасы: «Бизнес-журналистика, SMM & PR» бағдарламасы — медиа кеңістігінде бизнеске, әлеуметтік желілерге және БАҚ-қа арналған сапалы контент жасай алатын мамандарды даярлауға бағытталған. Оқу үдерісі журналистика, PR, SMM және маркетингтік коммуникациялардың негізгі аспектілерін қамтиды, бұл студенттерге брендтерді тиімді ілгерілетуге, беделді басқаруға және қазіргі медиа арқылы қоғамдық пікірді қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бағдарлама медиа-студияда тәжірибелік жұмыс жүргізуді қамтиды: видеосюжеттер, радиобағдарламалар, әлеуметтік желілер мен сайттарға арналған контент жасау зертханалары бар.
Бағдарламаның артықшылықтары:
Медиа-студияда тәжірибелік жұмыс
SMM және PR стратегияларын меңгеру
Digital-маркетинг пен SEO негіздері
Мультимедиялық контент жасауды үйрену
Жетекші журналистер мен редакторлардан сабақ алу
Шетелдік тағылымдамалар мүмкіндігі
Мамандардың жұмыс бағыттары:
БАҚ бас редакторы
Коммерциялық және мемлекеттік құрылымдардағы PR-маман
SMM-менеджер
Жарнама агенттігінің директоры
Талдаушы журналист
Бизнес жаңалықтарының редакторы
Іскерлік медиа саласындағы жетекші журналист
Консультация алу
6B03203 — Халықаралық журналистика және интернет қауіпсіздігі
Берілетін дәреже: Журналистика бакалавры Оқу ұзақтығы: 4 жыл (күндізгі бөлім) Оқыту тілі: орысша, ағылшынша
Бағдарлама сипаттамасы: Бағдарлама халықаралық журналистика саласындағы мамандарды даярлауға бағытталған. Олар жаһандық ақпарат ағындарымен жұмыс істей алады және дезинформациядан қорғану технологияларын меңгереді. Түлектер әлемдік оқиғаларды талдай алады, халықаралық ақпарат көздерімен жұмыс істеп, цифрлық және дәстүрлі БАҚ үшін контент жасай алады. Медиа саласындағы манипуляция механизмдері, интернет қауіпсіздік және цифрлық ортадағы журналистиканың этикасы терең зерттеледі.
Профессорлық-оқытушылық құрам: Оқытушылар құрамында 27 маман бар, оның ішінде 19-ы штаттық. 1 ғылым докторы, 10 ғылым кандидаты, 3 PhD және 5 магистр. Оқытушылар Ұлыбритания, АҚШ, Бельгия, Ресей, Польша, Испания және Италия елдерінде білім алып, тәжірибеден өткен. Қатарында еліміздің жетекші БАҚ-тарында жұмыс істейтін журналистер мен редакторлар да бар.
Біздің түлектер қайда жұмыс істейді:
Арнайы тілші
Сараптамалық немесе халықаралық бөлімнің редакторы
Жүргізуші
Журналист
Шығарушы редактор
Бас редактор
Цифрлық және электронды БАҚ журналисі
Ақпараттық саясат департаментінің басшысы
Консультация алу
6B03204 — Телерадиожурналистика
ҰБТ бойынша бейіндік пәндер: Шығармашылық емтихандар Берілетін дәрежесі: Журналистика бакалавры Оқу мерзімі: 4 жыл (күндізгі) Оқу тілі: орыс, ағылшын
Бағдарлама сипаттамасы: IITU ұсынған Теле-радиожурналистика бағдарламасы әртүрлі ақпараттық ресурстармен жұмыс істеуді қамтиды. Студенттер видео, аудио, фото материалдармен, онлайн редакторлармен, бағдарламалық қамтамасыз етумен және контент басқару жүйелерімен жұмыс істеу дағдыларын меңгереді. Оқу барысында Medium, WordPress, Audacity, Pixlr.com сияқты заманауи құралдар қолданылады.
Негізгі бейіндік пәндер: Телевизиялық журналистика Радиожурналистика ТВ жаңалықтары. Практикалық курс Онлайн радио Сөйлеу техникасы және жүргізуші шеберлігі Телепродюсерлік Тікелей эфир (Live Streaming) Ағылшын тілді БАҚ үшін видеоконтент жасау
Біздің түлектер қайда жұмыс істейді?
Жаңалықтар жүргізушісі, теле- және радиобағдарламалар жүргізушісі