Заманауи қаржы технологияларын және стратегиялық жоспарлау әдістерін үйрен.
Толығырақ
6B04102 — Электрондық бизнес
ҰБТ бойынша бейіндік пәндер: Математика + География
Берілетін дәреже: Бизнес және басқару бакалавры
Оқу ұзақтығы: 3 жыл (күндізгі бөлім)
Оқыту тілі: Ағылшын тілі
Бағдарлама сипаттамасы: «Электрондық бизнес» бағдарламасы стартаптарды әзірлеу, стратегиялық жоспарлау және интернет-маркетинг саласындағы мамандарды даярлауға бағытталған. Студенттер веб-қосымшаларды жасау, нарықты талдау негізінде өнімдер мен қызметтерді жобалау және әзірлеу, логистика, интернеттегі бизнес-модельдерді құру және электрондық бизнес саласындағы жобаларды экономикалық талдау бойынша теориялық білім мен практикалық дағдыларды меңгереді. Бұл түлектердің тез өзгеретін интернет-бизнес нарығында бәсекеге қабілетті болуына мүмкіндік береді.
Негізгі бейіндік пәндер:
Электрондық бизнес (E-Business)
Инновациялық менеджмент (Innovation Management)
Қаржылық инжиниринг (Financial Engineering)
Қаржылық технологиялар (Financial Technologies)
Мамандардың жұмыс бағыттары:
Бизнестегі IT-технологияларды енгізу бойынша кеңесші
Web-әзірлеуші, Web-әкімші және Web-дизайнер
Контент-менеджер, цифрлық маркетинг бойынша кеңесші
Өнім маркетингі жөніндегі менеджер
Ақпараттық қауіпсіздік менеджері
Кәсіпкер
Кеңес алу
6B04105 — Қаржылық технологиялар
ҰБТ бойынша бейіндік пәндер: Математика + География
Берілетін дәреже: Бизнес және басқару бакалавры
Оқу ұзақтығы: 3 жыл (күндізгі бөлім)
Оқыту тілі: Ағылшын тілі
Бағдарлама сипаттамасы: Бұл білім беру бағдарламасы корпоративтік қаржы, инвестиция және қаржылық талдау салаларындағы мамандарды даярлауға бағытталған. Студенттер заманауи қаржылық технологияларды, стратегиялық жоспарлау әдістерін, бюджеттеу, салық салу және қаржыны басқару тәсілдерін меңгереді. Бағдарлама сандық талдау әдістерін, тәуекелдерді бағалауды, капиталды басқаруды және қаржылық стратегияларды әзірлеуді қамтиды.
Бағдарламаның мақсаты: Қаржы және инвестиция салаларында терең білімі бар, халықаралық деңгейдегі жоғары білікті мамандарды даярлау. Олар қаржылық ресурстарды тиімді басқару үшін инновациялық технологиялар мен аналитикалық құралдарды қолдана алады.
Негізгі бейіндік пәндер:
Электрондық бизнес (E-Business)
Инновациялық менеджмент (Innovation Management)
Қаржылық инжиниринг (Financial Engineering)
Қаржылық технологиялар (Financial Technologies)
Мамандардың жұмыс бағыттары:
Қаржылық менеджер, қаржылық талдаушы, қазынашы
Портфельдік менеджер, тәуекелдерді басқару маманы, аудитор